Көкшетау қаласының тарихы музейінде 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне арналған “ Елдігімнің нышандары: Әнұран, Елтаңба, Көк байрағым” атты зияткерлік викторина өтті. Ойынға С.Жүнісов атындағы # 18 орта мектебінің оқушылары қатысты. Балалар қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өздерінің білімдерін шыңдай түсті.
