18 мамыр — Халықаралық музейлер күні!
Құрметті әріптестер, музей қызметкерлері! Музей – халықтың рухани қазынасы, өткен мен бүгінді жалғап, келер ұрпаққа тарихты аманаттайтын киелі орын. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіз, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен насихаттаудағы қызметтеріңіз ерекше құрметке лайық.
Шығармашылық шабыт, табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. Ұлтымыздың бай мұрасын ұлықтап, жас ұрпаққа жеткізе беру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
