Құрметті көкшетаулықтар мен қала қонақтары! Сіздерді Халықаралық Отбасы күнімен құттықтаймыз!
Халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген даналығы мәңгілік асыл мұрамыз. Әрбір жанұя қоғамның негізі, мәдениет, экономика, әлеуметтік саясаттағы жетістіктеріміздің басты тірегі. Бүгінгі мерекеде отбасыларыңызға амандық, денсаулық, береке тілейміз. Ұрпақтарыңыздың жолы жарық болсын, елімізге әрқашан тыныштық орнасын!
Әр шаңырақта бақыт, мейірім және түсіністік болсын!
