2025 жылдың 24-30 сәуір аралығында мектептегі музей апталығы аясында Көкшетау қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме-дәріс өткізілді. Оқушылар Ұлы Отан соғысы кезіндегі Көкшетау қаласының тыныс-тіршілігі мен соғыс ардагерлері туралы мол мағлұмат алды. Көрмені 2-4 сынып, орта және жоғары буын оқушылары тамашалады.
