Сәуірдің 29 күні Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлері Г.Қ.Зарапова мен А.Қ.Әміржанова «Туған қалам –қазынам» жобасы аясында Зеренді ауданына қарасты Бірлестік ЖОББ мектеп оқушыларының назарына «Құт мекенім-Көкшетауым» атты жылжымалы көрме-дәріс ұсынды. Іс-шара барысында ұстаздар ұжымы мен оқушылар Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдерімен, туған өлкеміздің тарихымен танысты.