«Дүниежүзілік шығармашылық күні — 2025» аясында Көкшетау қаласының тарихы музейімен «Friends» кофеханасында қаламыздың қолөнер шеберлерінің қатысуымен нетворгинг өткізілді. Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А. Б. Сәбитова өңірдегі креативті индустрияны дамытудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға қолөнерші, ірімшік, құрт жасаудың ұлттық отбасылық дәстүрлерін сақтаушы Мұқашева Эльвира, ұлттық әшекейлер жасау бойынша шебер Жібек Сұлтанова, табиғи былғарыдан және сәндік тастардан әшекей бұйымдар жасаудың шебері Ғайша Медетова, тігінші, суретші Айым Қайратова, моншақ және мулине жіппен, майда моншақ — бисермен кестелеу шебері Айман Тәжмиева қатысты. Кездесудің басты мақсаты — жанды қарым-қатынас, ізденіс және тәжірибе алмасу, тың идеяларға жол ашу. Қатысушылар ықтимал ынтымақтастықтарды, бірлескен шеберлік сабақтарын, handmade-бизнесті әлеуметтік желілер арқылы ілгерілетуді, түрлі көрме-жәрмеңкелерге, фестивальдерге қатысу арқылы сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеуді талқылады.