Сәуірдің 22-сі күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкері Г.Қ.Зарапова қаламыздың С.Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейінің оқушыларына Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Мәңгілік алау шұғыласы» атты дәріс-көрме өткізді. Іс-шара барысында біздің жерлестеріміздің тылда жасаған баға жетпес үлестері туралы, сондай-ақ майдан шебінен қашық орналасқанына қармастан, соғыс ісіне айтарлықтай көмек көрсеткен қаламыздың өмірі жайлы айтылды.
