9 сәуір күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері №11 мектеп-гимназиясының 7 «А» сыныбында «Жеңіс хаттары» тақырыбында музейлік интерактивті сабақ өткізді. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткізілген іс-шара барысында жасөспірімдер сұрапыл соғыс жылдарында қан майдандағы жауынгерлер мен олардың тылдағы жақындарын байланыстырып, жақсылыққа деген үміттерін арттырған хаттармен танысты. Бүгінгі күні музей қорында сақталған музейлік жәдігерлер – майданнан келген хаттардың әр жолы жеңісті күнге, жарқын болашаққа деген сенімге, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы. Жас ұрпаққа берері мол мағыналы, тағылымды іс-шара соңында оқушылар баршамызға бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларына арнап хат жазды.
