Валентина Алексеевна 1940 жылы 16 сәуірде Степняк қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын туған жерінде пионер жетекшісі болып бастады, кейін Пионерлер үйінің директоры болып жұмыс істеді. 1967 жылдан В.Соломина облыстық атқару комитетінде, 1975 жылдан Щучье қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1982 жылы «Білім» қоғамының Көкшетау облыстық ұйымының басшысы болып сайланды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Валентина Соломинаның белсенді өмірі аяқталған жоқ. 2000 жылы оның бастамасымен қарттарға арналған «Ақбұлақ-Родник» клубы ашылды. Көп жылғы еңбегі мен орасан мемлекеттік қызметі үшін «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағын алып, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» т.б медальдармен марапатталған.
