Бүгін, 5 наурыз күні Көкшетау қаласының тарихы музейі «РИО» ССО-да дәстүрлі қолөнер мен заманауи шығармашылық салаларды біріктіретін сәндік-қолданбалы өнер шеберлер бұйымдарының «Өмір өрнектері» атты көрме-жәрмеңкесін өткізді. Көрме-жәрмеңкеге Көкшетаулық 13 қолөнерші түрлі техникада туындылар жасап, өз бұйымдарын ұсынды. Көрмеге ұлттық нақышта бұйымдар, құрақ көрпе, бас киім, кимешек, тақия жасайтын — Қарымсақова Ұ., Серікжанова Г., киіз басу шебері — Орынбаева Г., әйелдер зергерлік бұйымдарын және қолдан жасалған сөмкелерді шығаратын — Сұлтанова Ж., Сүлейменова А., Нұртасова І., Новобранцева Л., Медетова Г., ұлттық киім тігумен айналысатын — Ташенова А., тоқылған ойыншықтармен — Ермак Т., қолдан жасалған сабынмен — Дубова О., тоқылған киімдермен — Псар О., тоқылған бұйымдармен — Фомина Е. қатысты. Көрме-жәрмеңке қолөнершілердің басын қосатын, идеялармен алмасу алаңы және креативті экономика аясында өнімді ілгерілету мүмкіндіктеріне айналады.