Бегзан Алмасбек теріден, металдан қазақ ұлттық бұымдар жасайтын қолөнер шебері. Ол 1983 жылы 28-ші қыркүйекте Баян-өлгейде дүниеге келген. 2002-2008 жылдары Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім алған. 2008 жылы Бұланды ауданы Макинка елді мекенінің №5 орта мектебінде «Бейнелеу өнері» және «Сызу» пәнінен сабақ берді. 2010 жылы Көкшетау қаласында жастар арасында өткен қолөнер шеберлері жарысында «Алтын қол» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынға ие болған. 2013 жылы Көкшетау қаласына қоныс аударып, 2016 жылы Бірлік шағын ауданындағы №22 мектепке көркем еңбек және сызу сабақтарынан мұғалім болып орналасты. Көптеген қалалық аудандық көрмелерге қатысқан. Қазіргі таңда Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейінде көркем еңбектен сабақ беріп, қаламыздағы «Bolashaq» жастар сарайында «Бабалар ізімен» атты үйірмеде теріден, металдан қазақ ұлттық бұйымдарын, ат әбзелдерін, қамшы жасап, шәкіртер үйретуде.