Көкей Меллатұлы — қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын жасаумен айналысатын қолөнер шебері. Ол 1987 жылы 3 қыркүйекте Қытай халық республикасы, Тарбағатай аймағы Толы ауданында дүниеге келген. 1994-2006 жылдар аралығында Толы ауданындағы 12 жылдық орта мектебін аяқтап, 2006-2008 жылдар аралығында мәдениет үйінде музыкалық аспап жасау шебері болып жұмыс атқарған. 2008 жылы Қытай халық республикасынан Алматы қаласына қоныс аударып қазақтың Құрманғазы атындағы қазақ ұлтық халық аспаптар оркестірінің шеберханасында жұмыс істеді. 2012 жылы Ақмола облысы, Қосшы қаласына көшіп келіп, жеке шеберханасын ашқан. Көкей Меллатұлы бүгінгі күні қазақтың ұлттық аспаптарын жасаушы танымал қолөнерші. Көкей Меллатұлының қолынан шыққан домбыраларымен әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайберген, дәстүрлі ән өнерінің майталманы Қайрат Байболсын, күйші Секен Тұрысбек, Жанғали Жүзбай, Ерболат Шалдыбек, Ерлан Рысқали қатарлы әйгілі өнер иелері халқымыздың мәдениетін әлемге танытуда. Көкей Меллатұлы музыкалық аспаптар жасайтын кейбір ағаш түрлерін арнайы тапсырыспен Америкадан, Канададан, Қытайдан, Европадан,Үндістанан алдырады. Қолөнер шеберінің домбырамен қатар қобыз, жетіген сяқты бірегей туындылары көпшіліктің сұранысына ие. Қазіргі таңда ол өз бауырларын өнерге баулып, шәкірттер тәрбиелеуде.