Құрметті көкшетаулықтар, Көкшетау қаласының тарихы музейінің ұжымы Сіздерден соғыс уақытын есте сақтайтын заттарды сыйға тартуды сұрайды.
Акция аясында сый ретінде соғысқа дейінгі, соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы тұрмыстық заттар: ыдыс-аяқ, құрал-саймандар, ескі радио, граммофондар, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар бейнеленген ретро фотосуреттер (жас жауынгерлер немесе соғыс ардагерлерінің), мерзімді басылымдар, майданнан хаттар, ашық хаттар, әскери киімдер және 1938–1950 жылдардағы бейбіт тұрғындардың кез келген ерлер, әйелдер және балалар киімдері қабылданады.
Өз отбасыңыздың тарихын келесі ұрпақтарға қалдырыңыз!
