Нұртасова Іңкәр Жеңісқызы — қолөнер шебері, 1989 жылы 4 қазанда Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Қымызынай ауылында дүниеге келген. Щучинск қаласындағы №9 қазақ орта мектебін тәмамдағаннан кейін, Щучинск гуманитарлы-техникалық колледжіне түсіп, «Туризм менеджері» мамандығы бойынша білім алған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің экономика факультетін аяқтаған. Қазіргі уақытта бала күтіміндегі жас дарын қолөнершілікпен айналысуда. Іңкәр Жеңісқызының қолынан шыққан сырға, шекелік, алқа, шашбау сияқты ұлттық нақыштағы заманауи этнобұйымдары әсіресе жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Іңкәр этникалық стильдегі әшекейлі қалталар жасаумен қатар қайырымдылықпен де айналысады. Түрлі курстарға, семинарларға қатысып, шеберлігін шыңдаудан жалықпайтын жас дарынның авторлық жұмыстары көпшілік көңілінен шығуда.