23 желтоқсан күні Көкшетау қаласының тарихы музейінде Президенттік шыршаға қатысушы балаларға арналған «Жаңажылдық ертегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Музейлік интерактивті бағдарлама барысында Аршалы, Целиноград, Шортанды, Ерейментау аудандарының мектеп оқушылары 20 ғасырда қолданылған шырша ойыншықтары мен құттықтау ашықхаттар көрмесін қызыға тамашалап, өткен тарихымыздың әр кезеңінен мағлұмат беретін экспозициялық залдармен танысты. Көрмені музей қонақтары 12-ші қаңтарға дейін тамашалай алады.