Бүгін, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкері А.Ж. Сатыбаева Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Көкшетау: тарих парақтары» атты дәріс өткізді. Студенттер Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдерімен, туған өлкеміздің тарихымен танысты.
