1977 жылы 5 қарашада Ақан сері (бұрынғы Пролетарская) көшесінде Ұлы Отан соғысы (Мәңгілік алау) жылдарында қаза тапқандарға монументалды кешен ашылды.
1999 жылы 5 қарашада Абылай хан ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті.
2009 жылғы 11 қарашада Көкшетаудан 15 шақырым жерде орналасқан Садовое ауылында «Milk Projekt» жаңа сүт өңдеу зауытының тұсаукесері өтті.
2019 жылғы 1 қарашадан бастап Көкшетау қаласында автобустарда жол жүру құны көлік карталары арқылы: ересектерге – 80 теңге, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға (мектеп көлік картасы бойынша) – 40 теңге; қолма-қол ақшамен төлеген кезде: ересектерге – 150 теңге; 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға – 70 теңге.