11 желтоқсан күні Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкері Айсұлу Әміржанова Құрылыс-технологиялық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тағылым мен тағзым» атты дәріс өткізді. Жас буынды егемендік жылдарындағы жетістіктерімізбен таныстырып, олардың бойындағы патриоттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар назарына тақырыптық презентация мен бейнеролик ұсынылып, Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлердің есімдері ұлықталды.
