Құрметті достар!
Барша отандық суретшілерді «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауға қатысуға шақырамын. Байқаудың мақсаты – Қазақстан халқының ұлттық құндылықтары мен мәдени дәстүрлерін суретшілердің шығармалары арқылы насихаттау. Жұмыстар жанрлармен шектелмейді, басты талап – мәдени кодымыздың байлығын бейнелейтін төл туындылар ұсыну.
Байқау 9 желтоқсаннан 2025 жылдың 28 ақпанына дейін өтеді. Оған 21 жастан асқан кәсіби суретшілер қатыса алады. Жеңімпаздарды қаржылай сыйлықтарға ие болады.
Байқаудың шарттары мен ережелер туралы ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми парақшаларынан таба аласыздар. #repost @aida_balayeva
@aqmola_madeniet