1919 жылы 11 желтоқсанда медициналық, санитарлық-эпидемиялық және фармацевтикалық бөлімшелері бар уездік денсаулық сақтау бөлімі құрылды, оның басшысы болып дәрігер М.Н.Глаголев тағайындалды.
2003 жылы 12 желтоқсанда Н.Назарбаев даңғылында (бұрынғы Горький көшесінде) 1979-89 жылдары Ауған соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.
2011 жылғы 6 желтоқсанда Т.Досмағамбетов атындағы скверде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Досмағамбетовтың (1940 — 2001 жж.) бюстінің ашылу салтанаты өтті.
2023 жылы 7 желтоқсан күні «Көкшетау» МС қазақ эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері» Роза Қуанышқызы Рымбаеваның шығармашылығына 50 жыл толуына орай, ән кеші өтті. Концертте халық әртісімен бірге оның талантты ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев барша халыққа танымал тамаша туындыларды орындады. Шығармашылық кеш Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония симфониялық оркестрінің, «Гәкку» және «Аманат» би ансамбльдерінің сүйемелдеуімен өтті.