Бүгін Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкері Г.Қ.Зарапова «Туған қалам –қазынам» жобасы аясында Құрылыс-технологиялық колледж студенттерінің назарына «Көкшетау бүгін» атты жылжымалы көрме-дәрісті ұсынды. Іс-шара барысында ұстаздар ұжымы мен студенттер Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдерімен, туған өлкеміздің тарихымен танысты.