1920 жылы маусымда қалада ересектер арасындағы сауатсыздығын жоюға арналған мектептерге мұғалімдерді даярлаудың екі жылдық педагогикалық курстары ұйымдастырылды. 2005 жылдың маусым айында Көкшетауда ҚР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ермек Серкебаевтың концерті өтті.
2010 жылғы 6 маусымда Астанадан 5 шақырым жерде, Астана-Көкшетау тас жолында Көкшетау жерінің ұлы ақыны Ақан серінің (1843-1913жж.) атақты тұлпары – Құлагер ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті.