1996 жылғы 10 сәуір күні ҚР Үкіметінің №415 қаулысымен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. 1999 жылы 8 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының әкімшілік орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді. Көкшетау қайтадан Ақмола облысының облыстық орталығына айналды.
2007 жылғы 1 сәуірден бастап «Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі туралы» Заңның талаптарына сәйкес Көкшетау қаласында барлық казинолар мен ойын автоматтар залдары жабылды.
2019 жылдың 3 сәуір күні Көкшетау қаласының әкімі болып Исмаилов Амангелді Халауденұлы тағайындалды.
2020 жылғы 1 сәуір күні Көкшетауда коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды.
2023 жылдың 12 сәуір күні «Көкшетау» Мәдениет Сарайында «Гүлдер» ансамблінің концерті өтті.