1915 жылы 15 қараша күні Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, ғалым, педагог Мәлік Ғабдуллин (1915-1973) дүниеге келді
Ол Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында туған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәлік Ғабдуллин И. В. Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизияның құрамында шайқасты. Соғыстан кейін ол ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысты, сонымен қатар танымал көркем шығармалар жазды: «Менің майдандас достарым» (1947), «Алтын жұлдыз» (1948), «Майдан очерктері» (1949), «Будни войны» (1968) «О друзьях, товарищах» (1969), «Сұрапыл жылдар» (1971). 1972 жылы оның «Қазақ батырлық эпосы» атты ғылыми еңбегі Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Батыр жерлесіміздің есімі 1973 жылы Көкшетау қаласының №3 мектеп-гимназиясына, ал 2021 жылы Азаматтық қорғау академиясына (бұрынғы Көкшетау техникалық институты) берілді. 1974 жылы 1 Мамыр көшесінің атауы М.Ғабдуллин көшесі болып өзгертілді. 1995 жылы М.Ғабдуллиннің өмірі мен қызметіне арналған музей, ал 2015 жылы оның 100 жылдық мерейтойына орай Орталық қалалық саябақта ескерткіш ашылды.