 1824 жылы 29 сәуір күні Көкшетау тауының баурайында Көкшетау округтік приказы салтанатты түрде ашылды. Көкшетау сыртқы округының тұңғыш аға сұлтаны болып, Абылай ханның немересі Ғұбайдолла Уәлиханов сайланды.
 2010 жылы сәуір айында Көкшетауда өңірдегі алғашқы «Оқжетпес» балалар — жасөспірімдер футбол мектебі ашылды. Мектеп бұрынғы БЖСМ-нің жөнделген ғимаратында орналасқан.
 2018 жылы 21 сәуірде Көкшетауға Ресейден Газ-М20 «Победа» сирек кездесетін автомобильдеріндегі «Победа-одна на всех» халықаралық медиа-экспедициясының қатысушылары келді. Ханты-Мансийск округінің Югра Думасының Жастар парламенті ұйымдастырған экспедиция Ресейдің әртүрлі қалаларына, ТМД-ның үш еліне барды.
 2020 жылы 20 сәуірде Көкшетауда еліміздегі алғашқы ПТР-зертханалардың бірі ашылды, онда әрбір адам коронавирустық инфекцияға тест тапсыра алды.