• 1963 жылдың мамыр айынан бастап облыстық «Кокчетавская правда» газетітінің атауы «Степной маяк» болып өзгертілді.
• 1989 жылы мамырда Кокшетау пен американдық Уокешо қаласы (Висконсин) бауырлас қалалар болып атанды.
• 1997 жылы тұңғыш Президентінің 3 мамырдағы Жарлығымен құрамына 16 аудан, 4 қала және қалалық үлгідегі 10 кент кіретін Көкшетау облысы таратылды, облыс аумағы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына өтті. Көкшетау қаласы облыс орталығы мәртебесінен айырылды.
• 2010 жылы Жеңіс күні қарсаңында Көкшетауда Даңқ Мемориалы кешенінің жанында Жеңіс саябағы қаланды. Сол кездегі өңір басшысы Сергей Дьяченко, соғыс және еңбек ардагерлері, «Жасыл ел» жастар ұйымының мүшелері жаңа алаңға 30 жас шырша отырғызды.
• 2015 жылдың 7 мамырында қаланың орталық саябағында Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш ашылды. Ескерткіштің авторы – белгілі қазақстандық мүсінші және суретші Тоқтар Ермеков.
• 2021 жылы Көкшетау техникалық институты мәртебесін өзгертті. Бұдан былай КТИ – ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы деп аталынады.

