Сарсенов Ертай Алтайұлы – қазақтың ұлттық әшекейлерін жасау шебері, зергер. 1987 жылы 7 сәуір ШҚО облысы, Үржар ауданы Жаңа тілек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы «сәндік қолданбалы өнер».
2004 жылы Жаңа тілек ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеттің Көркемсурет факультетінде оқып, «Сәндік- қолданбалы өнер» мамандығын игерген болатын.
2009 жылдан бастап – 2018 жылға дейін ШҚО облысы, Үржар ауданы, Ауэзов орта мектебінің технология пәнінің І санатты мұғалімі болып жұмыс атқарды.
2018 жылы шілде айында Астана қаласына қоныс аударып, ұлттық зергерлік бұйымдар шеберханасын ашып, қазіргі таңда кәсібін жалғастырып, шәкірттер тәрбиелеуде.
Ертай Алтайұлы көптеген халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.