
1932 жылдың 20 ақпанынан-1936 жылдың 29 маусымына дейін Көкшетау қаласы аудан орталығы негізінде Қарағанды облысының құрамына кірді.
1946 жылдың 15 ақпандағы облыстық атқарушы комитетінің қаулысы бойынша орталық қала кітапханасы негізінде Көкшетау облыстық кітапханасы ашылды.
2007 жылдың ақпан айында Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне белгілі композитор, жерлесіміз Кенжебек Күмісбековтың есімі берілді.
2014 жылдың ақпан айында «Көкшетау бүгін – Кокшетау сегодня» орыс тіліндегі жаңа Ақмола облыстық апталық газеттің бірінші саны жарық көрді.
2023 жылдың ақпан айында – Көкшетау мәдениет сарайында аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының 55 жылдығына арналған концерті өтті.
