Бүгін Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Сейітов Балташ Омарұлының (1924-2013 жж.) туғанына 100 жыл

Сейітов Балташ Омарұлы – Көкшетау облысы Чкалов ауданы Амандық ауылының тумасы. Соғысқа дейін Көкшетау облысы Чкалов ауданы Амандық ауылдық кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеп, 1942 жылы майданға ерікті болып кетті. Ленинград маңындағы 105-ші Рига атқыштар полкінде, содаң кейін III -Балтық және I-Беларусь майдандарының 5-ші соққы армиясының құрамында шайқасты. 1950 жылы демобилизациядан кейін партия жұмысымен айналысты. Бірнеше рет аудандық және облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Жауынгерлік еңбегі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Аймақтың дамуына қосқан зор үлесі үшін 2009 жылдың 4 желтоқсанында Сейітов Балташ Омарұлына «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы»атағы берілді.