Бүгін Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері «Туған қалам –қазынам» жобасы аясында Біржан сал ауданына қарасты Андықожа батыр жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының назарына «Арқаның кербез Көкшесі» атты жылжымалы көрмені ұсынды. Іс-шара барысында ұстаздар ұжымы мен оқушылар жылжымалы этнографиялық көрмедегі бұйымдар арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнерімен, мәдениетімен, Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдеріне арналған фотокөрме арқылы туған өлкеміздің тарихымен, бүгінгі күнгі тыныс-тіршілігімен танысты.



