Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы «Көшпенділер Әлемі» қазақ ауылында өткен мәдени шаралардың жоғары деңгейде өтуіне елеулі үлес қосқан мәдениет қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Еңбектері еленіп, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталған Көкшетау қаласының тарихы музейінің директоры Ботагөз Ғабдуллинаны және облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталған музей экскурсоводтары Гүлмира Зарапова мен Руслан Макашевты шын жүректен құттықтап, шығармашылық шабыт, еңбекте табыс тілейміз!



