
Бүгін, 21 тамыз күні Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлері музейлік интерактивті бағдарламамен Зерендідегі «Сұңқар» балалар сауықтыру лагеріне барып, «Көкшетау – әсем қалам» атты ауқымды іс-шара өткізді. Іс-шара барысында балалар жылжымалы этнографиялық көрмедегі бұйымдар арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнерімен, мәдениетімен, Көкшетау қаласының құрылу және даму кезеңдеріне арналған фотокөрме арқылы туған өлкеміздің тарихымен, бүгінгі күнгі тыныс-тіршілігімен танысып, интерактивті ойын-викториналарға белсенді қатысты. Сонымен қатар балалардың назарына өлке тарихына, төл мәдениетімізге арналған дәрістер қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды.
