Сарсенов Ертай Алтайұлы 7 сәуір 1987 жылы ШҚО облысы, Үржар ауданы Жаңа тілек ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Жаңа тілек ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Көркем сурет факультетінің Қолөнер бөліміне оқуға қабылданады. 2009 – 2018 жылдар аралығында ШҚО облысы Үржар ауданының Ауэзов орта мектебінде технология пәнінің 1-ші санатты мұғалімі болып жұмыс атқарған. Осы уақыт ішінде ол өзінің біліктілігін, ұйымдастырушылық шеберлігін жетілдіре отырып, өскелең жас ұрпақ тәрбиелеп, өз тәжірибесімен бөлісуде.
2018 жылы шілде айында Астана қаласына қоныс аударып, ұлттық зергерлік бұйымдар шеберханасын ашты.
Ертай Алтайұлы көптеген халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарды иеленген.
2020 жылдан бастап Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі. (Астана қ.)