СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Абай көшесі – ХІХ ғ. — ХХ ғ. басында Большая Садовая деп аталды. 1938 жылы Көкшетау қалалық Кеңесі Төралқасының қаулысымен көшенің атауы Карл Маркс көшесі болып өзгертілді. Ал 2000 жылдың 26 маусымынан бастап бұл көше белгілі қазақ ақыны, композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушының құрметіне Абай көшесі (1845-1904) деп атала бастады.
Қазіргі таңда Абай көшесінде Шоқан Уәлихановтың кеуде мүсіні, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Облыс әкімдігінің ғимараты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты, Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы, Көкшетау техникалық лицейі, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы, «Арна» Көкшетау жоғары колледжі орналасқан.
