10 тамыз — Абай күні.
Осыған орай «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалындағы «Кітап-AMANAT» орталығында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәбит Нұрмұхамбетұлы Жәмбек және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, балалар жазушысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиевтің қатысуымен ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты қоғамдық дәріс өтті.