СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

2008 жылдың тамызында көкшетаулық ауыр атлет Мария Грабовецкая Бейжіңдегі XXIX Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды.
2010 жылдың тамыз айында Назарбаев даңғылының (Горький көшесі) қиылысында және Абылайхан даңғылының басында орналасқан Көкшетаудың көрікті жерлерінің бірі – Мақтай тауы қайта жаңартылды.
2011 жылдың 9 тамызында Көкшетау қаласында дала тұлпары Құлагерге арналған жаңа монументалды ескерткіштің ашылуы өтті. Мүсін Бурабай тас жолы жағынан қалаға кіре берісте орнатылған. Биіктігі –8,5 м, ені – 3 м, салмағы – 6 тонна. Ескерткіштің авторы – Астана қаласының Суретшілер Одағының мүшесі Қанат Нұрбатыров