Бүгін біздің музейде қазақ ақыны, драматург және Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай бейнетүсірілім өтті. Түсірілім барысында қазақ халқының «Үш бәйтерегі» -С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтың рөлдерін әнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүнісов (С.Сейфуллин), дәстүрлі әнші, ақын, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құмарбек Қалқатай (І.Жансүгіров), театрдың жоғары санаттағы актері, Мәдениет қайраткері Шəкіржанов Айбол (Б.Майлин) сомдады.
