
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Қаланың ең көне көшелерінің бірі – Сәкен Сейфуллин көшесі. ХІХ– ХХ ғасырдың басында бұл көше Малая Садовая көшесі деп аталды. 1964 жылы қалалық атқару комитетінің шешімімен ол Сейфуллин көшесі болып өзгертілді. Сәкен Сейфуллин (1894-1937) – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушысы, ақын жазушы және Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушысы.
Бүгінде бұл көшеде негізінен тұрғын үйлер, ал мемлекеттік нысандардан Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандандырылған балалар мен жас өспірімдер спорт мектебі, №1 отбасылық денсаулық орталығы орналасқан.
