Көкшетау қаласының тарихы музейінде киізден бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Тегін сабақты қолөнер шебері, этноқолөнер шеберханасының меңгерушісі Гүлнар Орынбаева жүргізді. Ол киізді сумен басу техникасы негіздерін көрсетті. Іс-шара қатысушылары өз қолдарымен киізден бұйымдар жасай алды.