28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні.
Көкшетау қаласының тарихы музейі Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды!

Қаланың телерадио хабарларын тарату туралы аздаған тарихы…
1927 жылы қалада бірінші радиостанция орнатылды. 1954 жылы облыстық радиохабар ұйымдастырылды. Облыстық телерадио комитетінің төрағасы Әуез Өтеев болды. Қазақ тілінде радио дикторы Шәкен Бәкенова, орыс тілінде Маргарита Козлова болды. 1964-1967 жж. Бұқпа төбесінде теледидар станциясының құрылысы жүріп жатты. 1967 жылы көкшетаулықтар алғаш рет облыстық телебағдарламаларды көру мүмкіндігіне ие болды. Қажыбай Кабулов бас редактор болып қызмет етті. Қазақ тілінде дикторлар Камен Ахметов, кейін Қазима Өміралина, орыс тілінде Вера Дворникова болды.