Бүгін, 20 маусым күні Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлерінің қатысуымен «Рухани құндылық – ұлт қуаты» атты дөңгелек үстел өтті. Адамгершілік пен парасаттылықты насихаттауға бағытталған отырыс барысында қор сақтау бөлімі меңгерушісі О.Сартова әріптестер назарына тақырыпқа сай баяндама ұсынды.
