Қала тарихын фотосуреттерде сақтау мақсатында Көкшетау қаласының тарихы музейі сіздерді «Кербез сұлу Көкшетауым» фотобайқауына қатысуға шақырады.
Номинациялар: «Қала келбеті» — қала көріністерін, табиғатын, архитектурасы мен көрікті жерлерін, көкшетаулықтардың күнделікті өмірін бейнелейтін фотосуреттер.
«Ретро стиліндегі Көкшетау» – фотосуреттер немесе XIX-XX ғасырлардағы отбасылық альбомдардан қаланың фотосуреттерінің электронды көшірмелері (фотосурет қашан, қай жерде түсірілгендігі және фотосуретте не бейнеленгені туралы ақпаратпен).
Фотожұмыстар 2024 жылғы 1 тамызға дейін қабылданады. Фотосуреттер 30*40 см. форматта басып шығарылған немесе JPЕG (кеңейтілген – .jpg, .jpeg) форматта электронды түрде болуы тиіс. Жұмыстың авторы мен байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілуі керек.
Көкшетау қаласының тарихы музейі, Қанай би көшесі, 32
Толық ақпараттар үшін: 8 (716-2)26-46-84, 8 (716-2)26-57-86, +77026374461
Фотобайқаудың Ережесі әлеуметтік желілерде:
Instagram: muz.kokshe
Facebook: muz.kokche
Электрондық пошта: muz.kokche@mail.ru
Қатысушылардың фотосуреттері қалалық фотокөрмеде көрсетіледі.
