21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Bolashaq saraiy»-нда мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған Ақмола облысының әкімі М.М.Ахметжановтың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында Көкшетау қаласының тарихы музейі ұйымдастырған «Кербез Көкшем – мекенім» атты фотокөрмемен облыс басшысын, мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін музей директоры Б.Ж.Габдуллина таныстырды.