
Бүгін Көкшетау қаласының тарихы музейінде «Менің сүйікті қалам» атты Балалар суреті байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназияның, №7, №12 орта мектептердің 5-7 сынып оқушылары арасында өткізілген байқауға барлығы 40-тан астам сурет ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға:
1 орын — Нұрмағамбет Шыңғыс ((№7 ОМ);
2 орын – Тіржан Мерей (М.Ғабдуллин ат.№3 мектеп-гимназия);
3 орын — Орал Радмир (№7 ОМ); Марат Исламия (М.Ғабдуллин ат.№3 мектеп-гимназия) ие болды.
Барлық жеңімпаздарға Музей атынан дипломдар мен сыйлықтар, ынталандыру сыйлықтар, барлық қатысушылар мен ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара соңында байқауға қатысушылар мен ұстаздар музейдің экспозициялық залдарын тамашалап, туған қаламыздың тарихымен, халқымыздың салт-дәстүрлерімен танысты.
