
Бүгін Жеңіс күні қарсаңында Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкері Р.С.Мақашев Красный Яр кентінің № 1 орта мектебінің 10 сынып оқушыларына «Көкшетау Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты дәріс өткізді. Дәрісте Ұлы Отан соғысы кезіндегі (1941-1945) жерлестеріміздің Ұлы Жеңіске қосқан даусыз үлесі мен қаламыздың сол кездегі өмірі туралы баяндалды.
