Биыл Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл. Осыған орай Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкері А.Қ.Әміржанова қаламыздың № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары назарына киелі Көкшетау жерінен шыққан батырлардың өнегелі өмірі мен ерліктері туралы баяндайтын «Көкше өңірінің батырлары» атты дәріс пен сүйікті шаһарымыздың құрылу және даму тарихымен таныстыратын «Жер төресі – Көкшетау» атты жылжымалы көрмені ұсынды.