Сұлтанова Жібек Қайырденқызы – қолөнер шебері, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл кентінде туып-өскен. Дизайнер болуды армандаған Жібек Қайырденқызы мектепті тәмамдаған соң тігіншіліктің қыр-сырын меңгеріп, 1990 жылдары Көкшетау қаласындағы «Тұрмыс үйінде» жұмыс істеді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының онлайн-курстарында білімін жетілдірген шебер қазіргі таңда табиғи тастардан ұлттық нақышта әшекейлер жасайды. Жібек Қайырденқызы облыстық және қалалық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері көрмелерінің белсенді қатысушысы.