Өткен демалыс күндері музейде Г.Б.Алиеваның жетекшілігімен «Globus» ағылшын тілі орталығының шәкірттері үшін қызықты ағылшын тілі сабағы өтті. Интеграцияланған сабақтар өткізу, ағылшын тілінде тест тапсырмаларын орындау арқылы балалар ХІХ-ХХ ғ.ғ. Көкшетау тарихымен, қала тұрғындарының тұрмысымен танысты. Қызықты, танымдық іс-шаралар арқылы қаланың өткені туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік беретін музейіміздің есігі қала мектептерінің оқушылары үшін әрдайым ашық.
