Қаланың ең көне көшелерінің бірі – Кенесары көшесі, ХІХғ. мен ХХ ғасырдың басында Подгорная деп аталды. 1938 жылы Көкшетау қалалық Кеңесі Төралқасының қаулысымен оның атауы Орджоникидзе көшесі болып өзгертілді. 1992 жылдың 9 маусымынан бастап бұл көше 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, Қазақ хандығының соңғы ханы құрметіне Кенесары көшесі (1802-1847) деп атала бастады.
Қазіргі таңда бұл көшеде негізінен тұрғын үйлер мен мемлекеттік нысандар: Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, ҚР Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, №21 мектеп-лицей орналасқан.