24 сәуір күні Электронды қалалық кітапханада Ақмола облысы тарихи-өлкетану музейінің құрастыруымен жарық көрген «Көкше өңірі және Көкшетау қаласы», «Хан көрген, хазірет көрген Көкшетау», «Көкшетау аймағындағы жер-су атаулары» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Туған өлкеміздің, қаламыздың тарихы бойынша танымал ғалымдар, тарихшылар мен өлкетанушылардың зерттеу жұмыстары мен мақалалары шоғырланған тамаша еңбектердің бірі — «Көкше өңірі және Көкшетау қаласы» жинағында біздің музейіміздің экскурсиялық-көпшілікпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі К.М.Нұрғалиеваның «Көкшетау ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында: ресейлік қоныстандыру саясаты және оның тұрғылықты қазақтардың шаруашылығына ықпалы» атты мақаласы жарыққа шықты.
